Ел тынысы

Көлік салығын төлеу мерзімі осы апта аяқталады

Астаналықтардың көлік салығы бойынша қарызы шамамен 1,6 миллиард теңгені құрайды, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елорда тұрғындарының көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі 1 млрд. 563 млн. теңгені құрағанын хабарлайды.

Берешегі бар көшбасшылар тізімін Алматы (660 млн. теңге), Сарыарқа (362 млн. теңге), Байқоңыр (235 млн. теңге) аудандарының тұрғындары бастап тұр.
Жеке тұлғалардың 2023 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын естеріңізге саламыз. Салық тұрғылықты жері бойынша төленеді.

Көлік құралдары салығы сомасын екінші деңгейлі банк қосымшалары, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы және kgd.gov.kz веб-порталындағы калькуляторды пайдалана отырып дербес есептеуге және төлеуге болады.

Бұл ретте қозғалтқышының көлемі 4000 текше см-ге дейінгі бір автокөлік бойынша салық төлеуден ардагерлер, Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық Қақарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарымен марапатталған, үш дәрежелі Даңқ және «Отан» ордендерімен марапатталған тұлғалар, көп балалы аналар, мүгедектер босатылады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1 АЕК-тен асатын салық берешегі бар көлік иелерін жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуде ыңғайсыздық тудырмас үшін салық қарыздарын толық өтеуге шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button