Ел тынысы

Көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен

Елімізде көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады.  12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының Көлік министрімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды, отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%), әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан), биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.

Теміржолда 21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%), 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады, 5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Президент осы ретте қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Ол Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды,  ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді,  көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button