Шаһар шежіресі

Көріпкел – тың өлкесінде

Эстрадалық әртіс (менталист), КСРО-да адамдардың ойын оқитын психологиялық тәжірибелерімен өнер көрсеткен, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі Вольф Григорьевич (Гершикович) Мессинг 1967 жылы ақпан айында Тың өлкесінде өнер көрсетті.

Сол күндері 1967 жылғы 28 ақпанда «Коммунизм нұры» газеті В.Мессингтің көріпкелдік қасиеті мен маг ретіндегі өнері туралы былай жазады:

«… Жеті жүзден астам адам қалалық саяси ағарту үйінің үлкен залын лық толтырды. Мұнда В.Мессинг көпшілікке өзінің психологиялық тәжірибелерін көрсетті.

Мінеки, ол бірнеше адамды жюри мүшелері етіп сайлады. Сөйтті де, бейтаныс біреуге хат жаздырды. Бейтаныс адам жазғанын жюри мүшелеріне тапсырды. Өзі көрмесе де, оқымаса да Мессинг жаңағы хаттың мазмұнын айтып берді. Жюри мүшелері өз қолындағы қағазды ашып оқып еді, бір сөзін де қате айтпапты. Сондай-ақ ол түрлі қиын есептерді шешті. Бір қызығы, ол әртүрлі ұлттың өкілдерін сахнаға шақырды. Сөйтіп, оларды ана тілінде ойлатты. Өзі басқа ұлттың тілін білмегеніне қармастан алдындағы адамдардың не ойлап тұрғанын тауып берді.

Атақты психолог Целиноград қаласында бірнеше кездесулер өткізді. Кездесулердің бәрі де аса қызықты өтті».

Ғазиза Исахан

 

Суреттерде Вольф Мессинг және Тың игерушілер сарайында В.Мессингпен болған кездесу.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button