Қоғам

Көркем гимнасшылар байрақты бәсекеде топ жарды

Елордалық көркем гимнасшылар Грекияда өткен оныншы «Афродита кубогы» халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары 9 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Жүлде үшін халықаралық аренада топ жарып жүрген үздік спортшылар таласты. Астаналық гимнасшылар байрақты бәсекеде АҚШ, Италия, Болгария спортшыларымен бәсекелесіп, айқын жеңіске жетті.
Көпсайыс нәтижелері бойынша, Эрика Жайлауова мен Ақмарал Ерекешева алтын медаль иеленсе, Айым Мейіржанова қола медальға қол жеткізді.

Топтық жаттығу бойынша «Фурор» командасы Андорра мен Англия елдерін артта қалдырып, алтын медальды қанжығасына байлады.

Ақмарал Ерекешева доп және лента жаттығуларында 2 алтын, ал шеңбер мен шығыршықтан 2 күміс медальға ие болды. Эрика Жайлауова доппен күміске, лентадан алтынға қол жеткізді. Айым Мейіржанова лентадан күміс медаль алды.

«Фурор» командасы лента және 3 доп + 2 шеңбер жаттығуларында 2 алтын медаль жеңіп алды. Ал «Виктори» командасы шеңбер жаттығуынан қола медаль иеленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button