Елорда тынысы

Көшелер қардан тазартылды

Елордада қар тазалау қар­қынды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Кеше қар күреу жұмысына 2300-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2363 жол жұмысшы және 1300-ден астам арнайы техника шықты. 25 қаңтардан 26-сына қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 26 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 2080 ауыр жүк көлеміне тең. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигонына барлығы 3 млн текше метрге жуық қар, яғни 213205 рейс шығарылды.

Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықпен жабдықталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button