Uncategorized

Көшелерді су алу проблемасын түбегейлі шешпек

Астанада жаңбыр жауса көшелерді су басуы — қала тұрғындары шешімін күтіп жүрген өзекті мәселе, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қала әкімдігі осы келеңсіз жағдайды реттеу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

 

Қала әкімдігі келтірген деректерге сүйенсек, қазір елорданың жауын суын жинайтын кәріз жүйесі 18 тазарту нысанынан және 1 жинақтаушы тоғаннан, 610,8 км нөсер, дренаж және арық-науа кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады. Олар 16,7 мың гектардан асатын аумақтағы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді.

Жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету жұмыстарын «Elorda eco system» ұйымы жүргізеді.

Сондай-ақ жергiлiктi атқарушы орган бас қалада жауын суының кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын атап өткен.

«Мәселен, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде қалада нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды. 2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның шеңберінде 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды», – делінген елорда әкімдігінің Kazinform-ға жауабында.

Одан бөлек, биыл жауын суы кәрізінің 5 жобасы бойынша жұмыс жүріп жатқаны айтылды. Оның 3-еуі жуырда тапсырылмақ. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы аумағында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады.

Сондай-ақ хабарламада Астана қаласында кәріз жүйесін дамыту негіздемесі әзірленетіні жайлы мәлімет келтірілген.

«Жауын суы жиналатын кәріз желілері мен құрылыстарының 8 объектісін жобалау жүргізіліп жатыр. Одан бөлек қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде», – деп жазылған жауапта.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button