Мәдениет

«Көшпенділер оты» концерті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «The Nomads’ fire» жобасының премьерасын ұсынды. Жобаның жетекшісі – «Alem» заманауи би балетінің көркемдік жетекшісі әрі елордалық филармонияның бас режиссері Бақыт Тәжинов.

Жоба атауын қазақ тіліне аударғанда «Көшпенділер оты» аталатын концерт бағдарламасы этникалық мұраны инновациялық музыкалық формалармен үйлестіруге бағытталған. Концертке қатысушылар этно-фанк пен этно-рокты араластырып, көшпенділердің музыкалық мұрасын аспаптық үнмен жаңғыртты. Концертте көне дыбыстармен қатар бүгінде заманауи музыка да орындалды. Сөйтіп «Көшпенділер оты» концерті өткен мен болашақтың арасында көпір орнатты.

Концертке «Alem» заманауи би балеті, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, филармонияның камералық хоры, эстрадалық, классикалық вокал, халық әні бөлімдерінің солистері, сондай-ақ эстрадалық симфония­лық оркестр өнер көрсетті. Тоғжан Жахин, Қарагөз Ғасимова, Еділ Құсайынов және басқа да қазіргі қазақ композиторларының туындылары орындалуымен қатар қазақ музыкасының інжу-маржандары – «Ай­қаракөз», «Екеуін-ай», «Қарай көзім» халық әндері айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button