Көшпенділердің отты әуендері

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «The nomad’s fire» этно-шоуы өтті.
Ежелгі көшпелі дәстүрлер мен заманауи музыканы мың бұралған бимен ұштастырған этно-шоудың басты ерекшелігі – эстрада-симфония оркестрінің жанды дыбысы. Виртуоз музыканттар этно-рок, этно-джаз, этно-фанк және этно-фьюжн элементтерін біріктіре отырып, көрермендерге ерекше композициялар ұсынды. Оркестр залды қуатты энергиямен және жанды тебірентетін дыбыстармен толтыра, домбыра, қобыз, жетіген және басқа да дәстүрлі аспаптардың заманауи өңдеудегі қайталанбас үнін тыңдарманға жеткізді. Шоудың тағы бір тартымды бөлігі – би ұжымының қойылымдары. Кәсіби бишілер халықтық және заманауи би стильдерінің элементтерін біріктіре отырып, көрермендерді ежелгі дәстүрлер мен заманауи интерпретациялардың сиқырлы әлеміне апарды. Бұған қоса, кеште қазақтың халық әндері жаңа өңдеуде шырқалды.