Денсаулық

Кофенің зияны неде?

Гастроэнтеролог Андрей Якушев кейбір жағдайларда кофе денсаулыққа пайдадан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәрігер кофені денсаулыққа зиян деп атады, өйткені ұйқы мен демалу режимі бұзылған кезде, әсіресе ұйқы үнемі қанбаса, кофе мидың жұмысын бұзуы мүмкін. Гастроэнтерологтың айтуынша, көптеген адам бұл сусынды көңіл көтеру үшін пайдаланады, бірақ бұл қателік. Ол таңертең кофе ішу сергітудің ең тиімді әдісі емес екенін ескертті, өйткені кофеиннің әсерінен нейропластика бұзылады, яғни мидың есте сақтау қабілетінің белсенділігі төмендейді.

“Кофені қысқа уақыт ішінде сергек болу үшін бір рет ішуге болады. Бірақ егер адп соқтыруы мүмкін”, – деді маман.

Еске салайық, бұған дейін кардиолог Анастасия Фомичева аптап ыстықта кофе ішу несімен қауіпті екенін түсіндірген болатын.

Ыстықта ыстық сусындарды тұтынған дұрыс. Ол адамды іштен жылытады, терлетеді, осылайша денені салқындатады. Бірақ аптап ыстықта кофе ішу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені кофе несеп айдайтын әсерге ие, сондықтан ыстық ауа райында оны шамадан тыс тұтыну сусыздануға әкеп соқтыруы мүмкін.

Егер ыстықта кофе ішкіңіз келсе, кофеден кейін қарапайым суды көбірек ішкеніңіз абзал.

Кофенің ең танымал компоненті – кофеин, табиғи психостимулятор, ол сергектікті арттырады, орталық жүйке жүйесін ынталандыру арқылы ұйқышылдық пен шаршауды жояды.

Сонымен қатар, кофеин жүрек ырғағының тұрақтылығына теріс әсер етпейтіні дәлелденген. Қан қысымы қысқа уақытқа көтерілуі мүмкін, бірақ 10 мм сын.бағ. аспайды. Кейбір зерттеулерге сәйкес, кофені күніне бес кесеге дейін ішу (тәулігіне шамамен 400 мг кофеин) кофеден бас тартқандармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін айтарлықтай төмендетеді.

фото ©️ depositphotos.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button