ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Көгалдандыру мен жаңарту қатар жүреді

Байқоңыр ауданы бойынша өткізілген «Бірге – таза Қазақстан» шарасы аясында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Өткен сенбіде аудан бойынша Ұстаздар саябағы, Жамбыл Жабаев саябағы, сондай-ақ аула аумақтарында 320 түп ағаш отырғызылды.
[smartslider3 slider=171] Биыл аудан аумағына 5200 түп ағаш отырғызылды (көгалдандыру бойынша келісімшарт шеңберінде 1750 ағаш, өтемдік отырғызу шеңберінде 3450 ағаш). 764 шаршы метрге көп жылдық гүлдер мен бір жылдық гүлдер отырғызылды. Күз мезгілінде 18251 ағаш отырғызу жоспарлануда (көгалдандыру бойынша келісімшарт шеңберінде 2251 ағаш, өтемдік отырғызу шеңберінде 16 мың ағаш). Қазіргі таңда көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Байқоңыр ауданында 237 аула бар. Өткен жылдан бастап осы аулалардың барлығында түрлі ойын алаңдары, футбол, стритбол алаңдары жасалып, көпфункционалды жаттығу құрылғылары орнатылды. Атап айтқанда, биыл 57 аула абаттандырылды. Сонымен қатар 9 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 210 спорттық тренажер және 570 бірлік шағын сәулет нысандары, 50-ден астам жарық бағандары орнатылды, шамамен 12000 шаршы метр төсем, 19000 шаршы метрден астам асфальтбетон жабыны төселді.
Жыл басынан бері Байқоңыр ауданы бойынша 202 заңсыз салынған металл гараждар сүрілді. Аталған нысандарды бұзу нәтижесінде 10000 шаршы метрден астам тұрғындар өз еркімен иеленіп алған жер учаскелері босатылып, жақын орналасқан үйлердің меншік иелеріне қайтарылды. Аудан әкімдігі осы алаңдарды абаттандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ескі гараждардың орнында жаңа аулалар мен тұрғындарға арналған демалыс орындары салынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button