Қала мен Сала

Көгілдір отын қаржы үнемдейді

Жаңа жылыту маусымында елордадағы туберкулезге қарсы диспансер, 6 ­балабақша, 7 мектеп, арнайы мектеп-интернат, «Шарапат» әлеуметтік ­қызмет көрсету орталығы және 1 колледж газға қосылады. Қазіргі кезде бұл ­нысандарда арнайы жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

[smartslider3 slider=3700]

Жақында қалалық мәслихат депутаттары алдағы жылыту маусымында газбен жылытуға көшетін әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен жақынырақ танысып қайтты. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, әлеуметтік нысандардың газға ауысуы қаржыны 3,5 есе үнемдеуге мүмкінік береді.

«Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылы аталмыш 16 нысанды дизель отынымен қамту үшін 1 млрд 400 млн теңге қажет болса, газға қосылғаннан кейін шығын тек 440 млн теңгені құрайды. Газдандырудың өзін-өзі ақтауы шамамен 2 жылда толығымен өтеледі. Алдағы уақытта мәслихаттың кезекті отырысында өзге әлеуметтік нысандарды газға қосу мәселесін қарастырамыз» деді Е.Каналимов.

Осыған орай, депутат Арайлым Құмаржанова да пікір білдіріп, Карталинская, 62 мекенжайында орналасқан №20 орта мектеп туралы айтып берді («Агроқалашық» ауданы).

Елорда әкімдігі шаһарды табиғи газға көшіру жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда қала бойынша 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. 14 мың абонент газға қол жеткізді, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарт алды, сонымен қатар қаладағы барлық үйдің 25 пайыздан астамы, нақтырақ айтсақ, 3,6 мыңнан астам үй газға қосылды

«Мектептің автономиялық жылытудан газбен жылытуға көшуі тұрғындар үшін жақсы жаңалық болды. Мектеп аумағында орналасқан газ жабдықтарын қарап шықтық. Енді осы қаражат есебінен үнемделген қаржыны білім беру мекемесі мектептегі өзекті проблемаларды шешуге бағыттай алады» деді мәслихат депутаты.

Аталмыш мектептің және «Агроқалашықтың» барлық ауданындағы басты проблеманың бірі – балалар мен жастар үшін бос уақытын өткізетін орынның болмауы. Халық қалаулысы газға ауысудан үнемделген қаржыға осы ауданның балалары мен жастары үшін демалыс орталығын немесе дене шынықтыру-сауықтыру орталығын ашу қажет деп есептейді. Бұл тек балалардағы қажетсіз энергияны сыртқа шығару үшін ғана емес, бастысы, өскелең ұрпақ өкілдерінің бойына моральдық құндылықтарды қалыптастыру үшін қажет екенін атап өтті.

«Егер балалардың бойындағы күш-жігерді қазір дұрыс бағытқа жұмсамасақ, кейін өкініп қалуымыз әбден мүмкін» деді А.Құмаржанова.

Мәслихат депутаты Гүлжамал Жапарова газбен жылытудың басты артықшылығы жанармайдың бағасына байланысты екенін атап өтті.

– Біздің еліміздегі табиғи газ – өте арзан отын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды газбен жылытуға көшудің артықшылығы көп, олардың бірі – жүйенің беріктігі, сенімділігі және экологиялық тазалығы. Елордадағы газбен жылытуға көшетін әлеуметтік нысандарды аралау барысында біз газ қазандығын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен танысуға мүмкіндік алдық. Алдағы уақытта әлеуметтік сала объектілерін газбен жылытуға көшіру бойынша жұмыс жалғасады, – деді депутат.

Иә, елорда әкімдігі шаһарды табиғи газға көшіру жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда қала бойынша 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. 14 мың абонент газға қол жеткізді, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарт алды, сонымен қатар қаладағы барлық үйдің 25 пайыздан астамы, нақтырақ айтсақ, 3,6 мыңнан астам үй газға қосылды.

Үйіне газ келгелі от жағу машақатынан құтылған тұрғындар қуанышын жасыра алар емес. Бекжігіт Нұрқанұлы солардың қатарынан. Жасы ұлғайған са­йын көмір тасып, күл шығарудан қиындық көрген зейнеткер биыл бұрынғыдай пеш жақпайтыны үшін қала билігіне ризашылығын жеткізді.

– Енді үйді табиғи газбен жылытамыз, тамақ пісіру үшін де газ сатып алмайтынымызды ойлап, қуанып жүрмін. Былтыр көмір қымбаттап кетті. Ағаш отын да арзан болған жоқ. Әкімдіктің арқасында біраз шаруамыз шешілді, енді көмір іздеп шаршамаймыз, – деді елордалық зейнеткер.

Бүгінде Сарыарқа және Алматы аудандары толығымен газдандырылды. Қала әкімінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде Байқоңыр мен Есіл ауданында, атап айтсақ, «Ильинка», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный», «Телман» елді мекендері, сол сияқты «Family Village», «Garden Village» шағын аудандарында газ құбырының құрылысы басталды. Ал «Шұбар» шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр.

Бұл ретте қала билігі бірқатар жеңілдік қарастырып отыр. Мәселен, мұқтаж жандардың газға қосылуына әлеуметтік көмек бөлінеді. Бұған дейін айтылғандай, әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын жеткізуге және орнатуға байланысты 130 АЕК-ке дейін, яғни 413400 теңгеге ұлғайды. Сондай-ақ елордалықтардың бәріне тегін негізде есептеуіш берілуде.

Қала тұрғындарының өтінішін ескере отырып, өз үйін газға қосу үшін жиналатын құжаттар тізімі 2 есеге қысқарды. Бұрын құжаттарды жинауға 6 айға дейін уақыт кететін. Бұл шара Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қабылданды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button