Шаһар шаруашылығы

Көгілдір отынға қол жетті

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында газдандырылған нысандар саны 80 пайызға артты. Осылайша, аудан аумағындағы 2 308 нысан көгілдір отынмен жылытуға көшті.

[smartslider3 slider=3852]

Аталмыш ауданда тағы 698 нысанның газға қосылуы үшін техникалық шарттар берілді. Жалпы, аудан бойынша барлығы 5 141 абонентті көгілдір отынға ауыстыру қарастырылған.

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Арман Әжікеновтың айтуынша, тұрғын үй алаптарындағы жеке және көп пәтерлі үйлер ғана емес, әлеуметтік нысандар да  жыл соңына дейін газдандыруға көшеді. Осы жылдың күзінен бастап №19 және №68 мектептер, №85 бөбекжай-балабақша, Шейх күнт қажы мешіті және «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы газбен жылытылатын болады. Тағы он әлеуметтік нысанды көгілдір отынға қосу үшін бүгінгі таңда оларды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Тұрғын үйлер мен әлеу­меттік нысандарды газға қосу үшін қала әкімдігімен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізілді. Мысалы, әлеуметтік көмек мөлшері 90 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Енді үйді газға қосу үшін белгіленген санаттағы абоненттер 413 400 теңгеге дейін біржолғы төлем төлейтін болады. Егер 2021 жылы 77 адамға әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2022 жылдың сегіз айында 102 өтініш берушіге осындай көмек көрсету мақұлданды. Сонымен қатар, Halyk Bank газға қосылу үшін тұрғындарға пайызсыз несие береді. Сондай-ақ, экологиялық таза отынға көшу үдерісін неғұрлым жеделдету үшін қажетті құжаттар саны екі есеге қысқартылды, – деді А.Әжікенов.

Сала мамандары елорданы толық газдандыру атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 6 есеге дейін төмендететінін мәлімдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button