Мәдениет

«Көк аспаным – көк туым»

Бас қалада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған «Көк аспаным – көк туым» мерекелік ­гала-концерті өтті. Кешті Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынды.

[smartslider3 slider=3172]

Мерекелік концертке арнайы қатысқан Мемлекеттік елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді.

Концерттің басты ерекшелігі – жанрлық сан алуандығы. Бұл кеште классикалық музыка, эстрада мен ұлттық өнер, мюзикл театрының шығармашылығы жақсы үйлесім тапты. Концертте Роза Рымбаева, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыр­көзов, Медет Шотабаев, Ардақ Балажанова, Айзада Қапонова, Гүлсім Мырзабекова, Күнсұлу Түрікпен, Асқар Мұқият, Әміре, Әлібек Әлмадиев, Рухия Байдүкенова, Азат Мәлік, Салтанат Меңдіғалиева, Біржан Айтахметов, Дидар Әбдухалық, Әйгерім Алтынбек, T&Y дуэті өнерін ортаға салды. Сондай-ақ көрермендер Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Астана сазы» қазақ фольклорлық ансамблі, «Forte Trio» мемлекеттік триосы, «Astana Musical» мемлекеттік театры мен «Saz&Soul» тобының өнерін тамашалады. Концерт соңында «Қазақконцерт» басшысы Ақтоты Райымқұлова рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

           Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button