Елорда тынысы

Көктемгі боран…

Соңғы күндері елордада қар жауып, екпінді жел есті. Ауа райының осындай құбылмалы жағдайына байланысты астаналықтар «көктем биыл бола ма?» дегендей көңілде жүр.

[smartslider3 slider=2555]

Қалада қалың қарға байланысты ескерту жарияланып, Төтенше жағдайлар департаменті шедел штаб құрды. Шұғыл телефон желісі іске қосылды. Боран мен көктайғақ салдарынан елорда маңына қатынайтын қоғамдық көлік қызметі тоқтатылды. Қаладан шығатын барлық автожолдар жабылды. Қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебінен елорда әуежайының қызметі де уақытша тоқтатылды. Ал қала ішіндегі аялдамаларда автобус күтіп тұрған жолаушылар жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмылдырылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына, азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын арнайы мамандар мен техникалар ұйымдас­тырылды.

Елордалық құтқарушылар қалада және қалаға жақын маңдағы учаскелерде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адамды, оның ішінде 52 баланы құтқарды. Жол полициясы автокөліктердің шығып кетпеуіне жол бермеу үшін бекеттер қойды.

Бүгінде елорданың барлық аудан әкімдіктерінде қолайсыз ауа райы салдарын жою жөніндегі жедел штаб күшейтілген режимде жұмысын жалғас­тыруда. Тиісті қызметтердің бәрі тәулік бойы жұмыс істейді, бригадалар кезекшілік етеді, бағдаршамдарды, шамдарды, қоршауларды жөндеу, құлаған ағаштарды шығару және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Қазір қалада қар күреу жұмысына 1000-ға жуық арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button