ЖаңалықтарҚала мен Сала

КӨЛІК КӨРМЕСІ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Автосалон

Кеше елордада 12 қазанға дейін созылатын жылдың негізгі авто уақиғасы – «Astana International Auto Salon – 2014» (AIAS-2014) екінші Халықаралық көлік көрмесі басталды.

Бүгінгі таңда Президент аппаратының оң баға­сына ие болған көрме Инвестициялар және даму министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Қа­зақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының ресми қолдауымен өтуде. Ал, басты ұйымдастырушы – «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы.

Көрмеде  «MITSUBISHI», «RENAULT», «JEEP», «Volkswagen», «Maserati», «SsangYong», «Peugeot», «IVECO», «Hyundai», «Lada», «SKODA», «KIA», «CHEVROLET» секілді брендтер көрсетіліп, қонақтарға әлемдік және отандық автомобиль өндірісіндегі жетіс­тіктер туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, авто­бұйымдар, қосалқы бөлшектер, автохимия және автокосметика, тюнинг, автоэлектроника, автонесиелендіру және автосақтандыру жайы да назардан тыс қалған жоқ.

Электр көлігін елімізде алғаш рет таныстырған халықаралық автосалон осы жылы өз қатарына гибридті автомобильдерді қосып отыр. «Жасыл тех­нология» тақырыбымен қолға алынған бұл шара қоршаған ортаға неғұрлым аз зиян келтіретін инно­вациялық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болғалы тұр. Әсіресе, бұны 2017 жылы Астанада өтетін «EXPO» бүкіл әлемдік көрмесін өткізу қарсаңындағы маңызды іс деп білу керек.

Көрме бағдарламасы бойынша қатысушы ком­па­ния­лардың  және  ұйымдастырушылардың түрлі тұсау­ке­серлері,  акциялары, шоулары және байқаулары өткізілді.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button