Жаңалықтар

«Астана» көлік-логистикалық хабы – «А» санатындағы ірі орталық

Бүгінгі таңда орталық қызметін отандық және шетелдің тауар тасымалдаушылары қатар пайдаланып келеді.

654

Жалпы аумағы 46 гектар болатын айтулы орталық  халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ, тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатымен құрылды. Мұнда жеңілдетілген кедендік ресімдеу аймағы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «Астана» көлік-логистика ор­та­лығының қызметін отандық, сонымен қатар шетел тауар тасымалдаушылары қатар пайдаланып келеді. Мұндағы қызметшілердің бәрі – арнайы дайындықтан өткізілген мамандар.
Елдің индустриялық дамуында көлік-логистика қызметтерінің маңызы зор.  Астана қаласында  халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құру жөнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт  жоспарында атап көрсеткен.  Осы бағытта Үкімет пен елорда басшылығының қолға алған жұмысының арқасында жаңа заманға лайықталған көлік-логистикалық орталығы іске қосылды. Жоспардан іске асырылған жоба  туралы Елбасы  «Біз Астанада тауар өңдеу жөнінен Орталық Азия ғана емес, Кавказ бен Сібірді қоса алғанда ең ірі логистикалық хаб салдық. Ол қазірдің өзінде 70 пайыз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Бұл – біздің индустриялық бағдарламамыз бен инфрақұрылымдық дамуымыздағы ауқымды іс» деп атап өтті.
Бүгінде аталмыш орталықтың қойма кешендері  халықаралық стандарттарға сай жұмыс жүргізуде.  Тиеу-түсіру аймағы өткізу қабілетін күніне 1000 паллетке дейінгі арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылғылармен жабдықталған. Түптеп айтқанда, «Астана» көлік-логистика орталығы отандық және шетелдік тауар өндірушілер үшін тиімді хабқа айналып отыр.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button