Қала тіршілігі

Көлік қозғалысы шектеледі

Астанада 6 мамырда Абай даңғылының Бейбітшілік көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігінде ой-шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланыс­ты көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сонымен қатар, Манас көшесінің Абылай хан даң­ғылынан Қобыланды көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жол учаскесінде 6-21 мамыр аралығында көлік қозғалысы шектеледі.
Осы көшелермен жүретін елорда тұрғындары мен қонақ­тарына айналып өту жолдарымен жүру ескертіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button