Жаңалықтар

Көлік қозғалысы жартылай шектелді

Елордада кейбір көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы жартылай шектелді.

012

Тамыздың 13-і күні Бөгенбай батыр даңғылының Сарыарқа даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі жолдың бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар 18 тамызға дейін жалғасады.

Өткен сенбіден  қыркүйектің 5-іне дейін Тәуелсіздік даңғылының Б. Момышұлы даңғылынан А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігінде де көлік қозғалысы шектеледі. Осыны хабарлап отырған Астана қаласы Автомобиль жолдары басқармасы көлік жүргізушілерін өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button