ЖаңалықтарМәслихат

Көлік тұрақтары ақылы болады

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Сансызбай Есіловтың төрағалығымен өткен жиында қала мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы ұсыныстарды қарады.

kbb_2790

Кеңес отырысы барысында коммуналдық ақылы көлік тұрақтары орналасатын орындарды анықтау, оның тарифтерін бекіту және қала көшелерінің ақылы телімдерін  анықтау  туралы мәселелердің шешімі қызу талқыланды. Елордалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменовтың айтуынша, қала бойынша тиісті талдау жүргізілгеннен кейін ақы төлеп, көлік қоюға болатын 259 учаске анықталған. Айта кету керек, көрсетілген жол телімдерінің ешқайсысы тұрғын үйлердің аумағында орналаспаған. Басқарма ұсынып отырған жаңа жоба 2 кезеңге бөлінеді, бірінші кезеңде елорданың сол жағалауында – «Нұржол» желегінің, Ақмешіт пен Түркістан көшелерінің бойында ақылы тұрақ орны пайдалануға беріледі. Алғашқы кезеңде ақылы тұрақтардың жұмыс істеу тетігінің тиімділігін толық түсінбейінше тұтынушылардан ақы алынбай, аталған учаскелердегі тұрақтар тестілік режимде жұмыс істейді. Ал жүйе техникалық жағынан толығымен сынақтан өтіп болған соң ақы белгіленетін болады. Жобаның авторлары мұндай шаралардың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға, көлік тұрақтары нысандарында тәртіпті қадағалауға мүмкіндік беретінін  алға тартты.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған жобаларды кейбір ұсыныстарды  ескере отырып, ешбір ескертусіз қабылдады.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button