Қала тіршілігі

Көлiк жүрiсi шектеледi

Наурыз мерекесiне байланысты «Қазақ елi» монументi алаңы бойымен жүретiн көлiктердiң қозғалысы 19-22 наурыз аралығында шектелетiн болады.
Астана әкiмдiгiнiң мәлiметiнше, аталған №4, 14, 21 қоғамдық көлiктердiң маршруттары Обаған көшесiмен өтедi («Тәуелсiздiк» сарайының артқы жағындағы көше). Бұдан бөлек, 22 наурыз күнi Тәуелсiздiк даңғылы, А.Байтұрсынов, Ж.Нәжiмеденов көшелерiнде қозғалыс шектеледi. Айта кетейiк, 22 наурызда №3, 4, 14, 21, 32, 35, 40 және 46 қоғамдық көлiктердiң бағыттары өзгередi. №32, 35, 40 , 46 маршруттары Сарайшық – М-1 көпiрi – Б.Момышұлы даңғылымен өтiп, бұдан әрi қарай бұрынғы кестемен жүредi. Ал №3, 4, 14 қоғамдық көлiктерi Тәуелсiздiк даңғылы – Б.Момышұлы даңғылы – Мирзоян көшесi аралығымен жүрiп, соңғы аялдама «Қараөткелге» барады. №21 маршруты М-3 көпiрi – Ш.Қалдаяқов көшесiне дейiн жүрiп, осы көшеде айналып, Ж.Нәжiмеденов көшесiне түседi және бұдан кейiн керi қайтатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button