Жаңалықтар

Көліктерді тіркеу мерзімі қысқартылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Уақытты қысқарту орталық мамандарының ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз кіру мәртебесін алғаннан кейін мүмкін болып отыр.

цон

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтар төлеуге жұмсайтын. «Жобаны іске қосқанға дейін Халыққа қызмет көрсету орталығына  келген клиент 3 электрондық кезек талонын алатын. Бірі –  айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне, екіншісі – салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшіншісі – толық құжаттар топтамасын өткізу үшін ХҚКО қызметкеріне болатын. Бұл ретте, егер азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса, оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке  тұратын. Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Егер бар болса, электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы карточкамен төлеуге болады немесе мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады» дейді ол.

Көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің мерзімін сақтауды ситуациялық орталықтың мамандары қадағалап отырады. Құжаттар мерзімі бұзылған жағдайда, оның себебін анықтап, алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайды.

Айта кетсек, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында  еліміз бойынша көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706 қазақстандық пайдаланған екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button