Мәдениет

Колледж студенттерінің көрмесі

Елорданың Арбаты аумағында Нұр-Сұлтан қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары ұйымдастырған «Студенттік Арбат» көрмесі өтті. Көрме жастарға және мектеп оқушыларына мамандық таңдау мақсатында кәсіби бағдар беруге бағытталған.

 [smartslider3 slider=3083]

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинованың айтуынша, шараға қаладағы 34 колледждің 31-інің студенттері қатысты. Көрмеге кондитерлік, наубайханалық шеберлік, ІТ және техникалық бағыттар бойынша жұмыстар қойылды. Оған мектептердің 9-11-сыныптардың оқушылары арнайы шақырылды.

Колледж студенттері шығармашылық идеялары мен көркем, қолданбалы, аспаздық, техникалық, шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Түрлі кәсіптер туралы түсініктерді бейресми және қызықты түрде алуға, шеберлік сабақтары аясында кәсіби сынақтардан өтіп, елорда колледждеріндегі студенттік өмір туралы жаңалықтардан хабардар болуға мүмкіндік берді. Жас суретшілерге, дизайнерлерге, аспаздарға, шаштараздарға, дизайнерлерге, флористерге, бағдарламашыларға өз шеберлігін көрсетуге және қосымша тәжірибе алуға септесті.

Көрмеде интерактивті нысандар мен әдістер арқылы техникалық және кәсіптік білімнің кең спектрі ұсынылып, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға қосымша қолдау көрсетілді. Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық, жағымды демалысын ұйымдастырды. Белсенді студенттік өмір және шығармашылық ізденіс атмо­сферасын құрды.

Көрме «Гастрономиялық саяхат. «Дәм калейдоскопы» (аспаздық және кондитерлік өнімдер көрмесі, карамельмен жұмыс жасауды үйрету, экологиялық таза нан өнімдерінің презентациясы, коктейль дайындаудағы шеберлік сабағы), «Өзіне-өзі стилист» (шаштараздық өнер, шашты өру, күту және жасау бойынша кеңес), «Сиқырлы түстер» (жас суретшілер мен дизайнерлердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі), «Мобильді робототехника» (робот техникасын көрсету, интерактивті оқу кешені), «Сау болыңыз!» (қан қысымын өлшеу, жылжымалы реанимация), «Мерекелік флористика» (гүл шоғын жасауға арналған ерекше және заманауи шешімдердің көрсетілімі), «Боди АРТ» (поп-арт портреттері мен суреттерін салу бойынша шеберлік сабақ) бағыттарында ұйымдастырылды.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button