Команда жасақталды

«Алау» мұзайдынында Astana Open қалалық ашық чемпионатына елдің әр өңірлерінен келген 260-қа жуық үздік мәнерлеп сырғанаудан бақ сынады.
– Қалалық ашық чемпионат елордада үшінші жыл қатарынан өтті. Биыл жарысқа балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысты. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Ашық чемпионатына қатысуға Астана, Алматы қалаларымен қатар Қарағанды, Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысынан 260-қа жуық өтінім түскен. Жас конькимен жүгірушілердің өнерін жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалады. Бұл іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін болады, – дейді спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Чемпионат қорытындысы бойынша 16 мықты спортшы елорданың құрама командасына алынады.
– Мақсат – Астана қаласының құрама командасын жасақтау. 13-16 желтоқсанда үздік таңылғандар Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Сондықтан талантты, талапты спортшыларды таңдауға мән береміз, – деді Астана қаласының Мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира
Тұрғанова.