Білім

Көмек қолын созды

Елордада «Мектепке жол» шарасы аясында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларына «Нұр Отан» партиясы тегін оқу құралдарын таратты.

Қайырымдылық шарасы алпысқа жуық баланы қамтыды. Олар ЭКСПО көрмесін тегін аралап, мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек бүлдіршіндер Қуыршақ театрының өнерін де тамашалады.
Қайырымды іске кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдар қолдау көрсетті. «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметовтің айтуынша, көп балалы отбасылар әлеуметтік желілер арқылы партияның филиалына өтініш қалдырса болады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партия­сының бас ғимаратына келіп, өтініш білдіре алады.
Жалпы, партияның «Бірлік» филиалы Астанада жыл сайын шамамен 650 балаға көмек көрсетіп келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button