Білім

Көмекке мұқтаж шәкірттерге мүмкіндік

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын шәкірттердің мектепке дайындығы мәселесіне жиі көңіл бөлінуде. Осыған орай, кеше елордалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин журналистерді жинап, брифинг өткізді.

– Әлеуметтік жағдайы нашар оқушылар үшін көмек екі тараптан беріледі. Оның біріншісін жалпыға міндетті оқу қоры ұсынады. Оған мына санаттағылар, атап айтсақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз немесе төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қол жеткізе алады. Ал жоғарыдағы санаттарға кірмейтін, бірақ көмекке мұқтаж оқушылар «Мектепке жол» акциясы бойынша керек-жарақпен қамтамасыз етіледі, – деді Білім басқармасының басшысы.
Оның айтуынша, жалпыға міндетті оқу қоры ұсынатын бағдарламаның аясында балаларға күніне бір рет ыстық тамақ, мектеп формасы мен спорттық киім, аяқ киім, қажет болған жағдайда қыстық киім-кешек, мектепке керекті кеңсе тауарлары, жазғы лагерьлерге жолдама, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік, айлық жолақы карточкалары беріледі. Өткен оқу жылында аталған бағдарлама шеңберінде 2 мыңнан аса бала қамтылыпты, биыл бұл көрсеткіш шамамен 5 мыңды құрамақ. Дегенмен жылдың аяғына қарай 8 мыңға дейін жетуі әбден мүмкін.
Бір айта кетерлігі, осы та­уар­ларды мектептерге жеткізіп берумен айналысатын ұйымдар байқау негізінде іріктеледі. Заттардың сапасы бойынша нара­зылықтар тумас үшін биылдан бастап байқау комиссиясының құрамына мектеп мұғалімдерімен қатар ата-аналар да кі­реді.
Ал «Мектепке жол» акциясына келсек, ол осымен он екінші рет ұйымдастырылмақшы. Соның нәтижесінде биылғы оқу жылы қарсаңында 3 мыңнан аса астаналық оқушы мектепке қатысты керек-жарақтарын түгендейді. Өткен жылы осы шараның көмегімен 7,5 мың балаға 153 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген екен, оның ішінде 6 мыңнан аса оқушыға көмек демеушілер тарапынан болған. Ал жалпы он бір жыл бойы «Мектепке жол» шарасы 71 мың шәкіртті 816 млн теңге көлемінде көмекпен қамтыпты. Vaikų stovyklos, Chemijos, biologijos, matematikos, lietuvių kalbos korepetitoriai, anglų kalbos pamokos https://intellectus.lt/

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button