Қала тіршілігі

Көмірді қайдан алуға болады?

Елордада 12 орында көмір сатылады. Қала әкімдігі қоймалардағы көмір қорын толықтыруды жіті бақылауға алған. «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамымен жасалған келісімге сай тәулігіне 45 вагон бас қалаға қатты отын жеткізуге ден қойды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан сұранысқа ие «Шұбаркөл», «Қаражыра» сұрыпты көмірдің тапшылығын туындатпауға да баса назар аударылған.

[smartslider3 slider=285]

Бірер күн бұрын «Көктал» тұрғын алабында орналасқан тұйықтардың біріне 4 вагон «Шұбаркөл», «Қаражыра» көмірі жеткізілді.
– Мұнда шамамен 276 тонна «Шұбаркөл» көмірі жеткізілді. Әр тұрғынға 5 тонна «Шұбаркөл» көмірі сатылады. Қаладағы өзге сауда орындарында 20 вагон «Қаражыра» көмірі бар. Жекелеген тұрғын үй алаптарының газға қосылғанына қарамастан, біз көмір жеткізу көлемін төмендетпедік. Өйткені қатты отынға сұраныс жоғары күйінде қалып отыр, – дейді көмір қоймасының меңгерушісі Дулат Құсайынов.
Қалада 12 сауда нүктесін көмірмен қамтамасыз ететін 7 компания бар. Қатты отын халыққа белгіленген бағаға сай сатылып жатыр. Мәселен, «Шұбаркөлдің» әр тоннасы 13 мың 200 теңгеден, ал «Қаражыраның» тоннасы 13 500 теңгеден саудаланды. Бұдан бөлек, «Майкөбенің» 1 тоннасын 12 мың теңгеге сатып алуға болды. Сәйкесінше «Богатырь» сұрыпты көмірдің тоннасына 9 мың 500 теңге деп бекітілген.
– Жыл сайын «Қаражыра» сұрыпты көмір жағамыз. Биылда таңдауымыз дәл осы «Қаражыраға» түсті. Көмірдің бұл сұрыпы өте жақсы жанады. Жылуы да жаман емес. Қоймаға «Қаражыра» түскенін ести сала келдік, – дейді қала тұрғыны Дмитрий.
Негізінен, қала әкімдігі көмір қорын жаз айларынан бастап толықтырып, тұрғындарды да қысқа ерте қамдануға шақырып келеді.

Тұрғындар көмірді  сұрыпына қарай мекенжайлардан сатып алады:
Герцен көшесі, 4/1–(«Қаражыра» сұрыпы);
Сороковая стансасы –(«Қаражыра сұрыпы);
Герцен көшесі, 6/2 – («Богатырь» сұрыпы (ұсақ), («Майкөбе» сұрыпы), («Қарағандылық жалын» сұрыпы), («Қаражыра сұрыпы), («Шұбаркөл» сұрыпы);
Көктал, 28/1 – («Майкөбе» сұрыпы);
Жұбанов к-сі, 35 – («Шұбаркөл» сұрыпы);
Көктал, 28/2 – («Шұбаркөл» сұрыпы);
Ж.Жабаев көшесі, 76 – («Шұбаркөл» сұрыпы);
Мақат к-сі, 40 – («Қаражыра сұрыпы);
Герцен көшесі, 6Б – («Богатырь» сұрыпы), («Қаражыра сұрыпы), («Жалын» сұрыпы), («Майкөбе» сұрыпы);
Мақат к-сі 4/1– («Майкөбе» сұрыпы);
85 көшесі, 9/1 құрылыс –(«Қаражыра сұрыпы);
Ет комбинаты 28/4, –(«Майкөбе» сұрыпы);
Жұбанов к-сі, 37 –(«Майкөбе» сұрыпы).
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button