Жаңалықтар

КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

сайлау

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елуінші сес­сиясының жұмысына депутаттармен бірге аудандық сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.

 Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы – учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау. Осыған орай, Астана қаласы мәслихатының аппарат басшысы Вера Пытьева баяндама жасады. Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес, сайлау учаскелерін құру – қала әкімінің, ал сайлау комиссияларын құру қала­лық мәслихаттың өкілеттілігінде екендігін ескере келе, Астана әкімінің шешімімен елордада жаңа, №255 сай­лау учаскесінің құрылуына байланысты жаңа учаскелік комиссияны құрудың қажеттілігі туындағанын атап өтті. Бұл ретте қолданыстағы заңға сәйкес, осы сайлау комиссиясының құрамы туралы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден жеті ұсыныс келіп түскен. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері осынша адамнан құралуы керектігін ескере отырып, комиссияға жеті үміткер ұсынылды. Депутаттар барлық үміт­керлердің тізімін бірауыздан қолдады.

Одан әрі В.Пытьева екінші мәселеге орай Астана қаласы мәслихатының сайлау комиссиясын құру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерге өзге­рістер енгізу туралы ұсыныс білдірді. Бұл ретте ол Астанадағы 32 сайлау комиссиясынан әртүрлі себептерге байланысты міндеттерінен босату туралы өтініш келіп түскенін жеткізді. Халық қалаулылары талқыланған мәселелер мақұлданды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button