Жаңалықтар

Коммуналдық тарифтер бағасы арзандауы мүмкін

Тұрғын үй орталығында коммуналдық тарифтер бағасын төмендету жағдайы қаралды. Аталған шараға тұрғын үйге қатысты ұйымдар мен оның басшылары, Nur Otan партиясының мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Олар минималды тариф бағасын енгізу жайын талқылады.

[smartslider3 slider=988]

«Тұрғын үй орталығында көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша минималды тарифті бекіту бойынша алғашқы жұмыс тобының отырысы өтті. Мұнда барлық тараптардың уәждерін тыңдап, минималды тарифтерді бекіту бойынша бір шешімге келу үшін жиналдық. Сосын оны мәслихатқа ұсынамыз. Бұл жұмыстардың бәрі толығымен шешіледі. Қазір тұрғындар тариф бағасын төмендетуді сұрап жатыр» деді Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Сарыарқа ауданы инспекциясының бөлім басшысы Еркебұлан Көшкінбай.

Іс-шараға жиналғандар коммуналдық тариф бағасының қымбат екенін айтып, ағымдағы тариф тұрғындарға салмақ түсіріп жатқанын айтты. Осы орайда әлем елдеріндегі тариф жүйесін сөз етіп, үйдің шаршы метріне қарап, тариф бағасын бекітуді ұсынды. Осыған байланысты мәслихат тұрғындардың жағдайын ескеру қажеттігін айтты.

«Астана тұрғындарының жартысы басқа өңірлерде немесе шетелге көшіп кеткендіктен үйлерін жалға беріп қойған. Бағасы 250 мың теңгеден басталады. Ал бұл баға тұрғындарға ауыр. Сондықтан коммуналдық төлемді өтей алмай жатқан адам көп. Мен ағымдағы тарифпен жұмыс істей алмай жатырмын. Бағаны түсіру керек» деді Есіл ауданы бойынша ПИК өкілі Бағила Клекбарқызы.

Айта кетейік, былтыр елордада тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылған болатын. Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және т. б. мәселелерге қатысты кеңес алуға болады. Бұл орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button