Ел тынысы

Коммуналдық мәліметтерді онлайн беруге болады

Астаналықтар енді коммуналдық мәліметтерді онлайн бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ол үшін тек Астана-ЕРЦ мекемесіне төлем жасайтын жеке шотыңыз болса болғаны. Сол арқылы сайтқа кіріп, үйіңізде тұрған есептегіш құралдарының көрсеткіштерін енгізе аласыз. Әрі жұмсалған ресурстар мен төлем барысын қадағалауға да болады.
«Құрметті Астана тұрғындары!
Біз сізге электр энергиясы, сумен жабдықтау және газ бойынша көрсеткіштерді www.aerc.kz. сайты арқылы онлайн беру мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз. Бұл жаңалық уақытты үнемдеу және оқу процесін жеңілдету мақсатында жасалған.
Жаңа қызметті пайдалану процесі туралы толығырақ сіз дайындалған бейне нұсқаулықты қарап біле аласыз», – делінген хабарламада.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button