Коммуналдық қызмет сақадай сай

Бас қалада қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Елорда тұрғындарының ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз және басқа да реагенттер себіледі. 5 ауданның аумағында мұздан тазартуды 600-ге жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы орындайды. Коммуналдық қызмет толықтай дайын және қала аумағын жедел жинау үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуы керек.