Ел тынысы

Коммуналдық қызметкерлер тұрғындарға үндеу жасады

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл апта «Киелі мекен» ұранымен өтіп, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес (базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, мектеп оқушылары мен студенттер, МИБ (ПИК) және т.б. қатысты.

Елорданың коммуналдық қызметкерлері қаланы абаттандыру мен тазалауға қолдау көрсетіп қана қоймай, түрлі акцияларды, челлендждерді, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастырып жүрген астаналықтарға алғыс білдірді.

«Таңертеңнен бері қаланы тазалаумен айналысып келеміз. Осындай қамқорлық көрсетіп, белсенділік танытқандарға алғысымыз шексіз», – деді коммуналдық қызметкерлердің бірі.

Кең көлемді экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Экоакцияға қатысушылар арасында (20-21 сәуір) фитнес-клубқа үш жазылым бойынша байқау өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады.

Ол үшін сізге: Астана әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми аккаунтына (@akimat__astana) тіркелу, Instagram желісіндегі экоакцияда түсірілген видеоның түпнұсқасын жүктеп, оны #tazaAstana, #eco-actionAstana хэштегтерімен белгілеу қажет. Пост ретінде жариялануы керек, stories емес).

Байқау жеңімпаздары 23 сәуірде анықталады. Видеоны кез келген жерде, тіпті аулаңызды тазалау кезінде түсіре аласыз.
Астанада қаланың барлық ауданында жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр. Көпірлер, маңдайшалар, қоршаулар, аялдамалар жуылады, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық орындар және т.б. қоқыстан тазартылды.

Жол жұмыстары да басталып кетті. Биыл 200-ден астам көшедегі шұңқырларды жөндеу жұмысы жүргізілсе, тағы 50-ден астам көше орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ тротуарларды, аулаларды, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл апта «Киелі мекен» деп аталады және тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.
Елордада тұрғындарының белсенділігімен тазалық жүргізіліп, мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең – «Өнегелі ұрпақ», ол ардагерлер тұратын аулаларды және қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл апталықта су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button