Коммуналдық қызметтер Астананы мұздан тазартуда
Астанада қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ауа райының қолайсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Елорда тұрғындарының ыңғайлы жүріп-тұруы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз және басқа да реагенттер себіледі.
Елорданың бес ауданының аумағында мұздан тазартуды 600-ге жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы орындайды. Коммуналдық қызмет толықтай дайын және қала аумағын жедел жинау үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын көшелер, аялдамалар және тротуарлар тазаланады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуы керек.
Айта кетейік, Қазгидромет мәліметінше, 13 қазанда түнде және таңертең 15-20 м/с екпінмен қарлы боран соғып, көктайғақ болады және солтүстік-шығыстан жел күтіледі.