Мәдениет

Компьютерлік ойындар музыкасы әуеледі

«Астана» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры «GAME EVOLUTION V. 1.» концертін ұсынды.

[smartslider3 slider=2998]

Ерекше бағдарлама 1990 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі компьютерлік ойындардың танымал саундтректерінен құралған. Көрермендер таныс әуендерді компьютер алдында емес, концерт залында отырып тыңдауға мүмкіндік алды. Көптеген ойындар алғашқы ноталардан бастап баурап алатын, тартымды сценарий немесе геймплей сияқты маңызды элемент болып табылатын саундтректердің арқасында үздік ойындарға айналды.

Көрермендер музыканттармен бірге өткен шаққа, «Супер Мариодағы» ханшайымды құтқарған балалық шаққа немесе жақын маңдағы компьютерлік клубта Warcraft-тағы Орданы жеңген жастық шаққа саяхат жасады. «Thetris», «Fallout 4», «Cowboy Bebop», «Final Fantasy VII», «The World of WarCraft: Cataclysm», «Megaman 2», «Final Fantasy VIII», «The World of War Craft» және т.б. ойындардың музыкасына көрермендер ыстық ықылас танытты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button