Мәдениет

Композитордың «Елге арнауы»

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында белгілі композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық концерті өтті.

Концерт барысында астаналық филармонияның қазақ оркестрінің (көркемдік жетекшісі – бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, дирижері – Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов) және симфониялық оркестрінің (көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Әділ Бестембеков, бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Дюсебаев) сүйемелдеуімен кеш иесінің «Алаш елі», «Вальс», «Біз екеу­міз», «Кең өлке», «Вокализ», «Шаттансын елім», «Елге арнау», «Әке», «Орбұлақ», «Қазақ елі», «Ауылдағы той» сынды шығармалары орындалды. Дирижерлік пультке кеш иесінің өзі тұрды. Концертке камералық хор қатысты.

Композитордың туындыларын белгілі әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейір Байнеш, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, қобызшы Жанар Жүсіпова, мәде­ниет саласының үздігі Ботагөз Тәшімова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әсем Сембина, Шынар Кәрімова, Әйгерім Аманжолова, Жәмила Далишева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Алтынбек Әбілда әуелетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button