Мәдениет

Көнеден жеткен сырлы әуен

Елорданың Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен «Астана» концерт залында «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі Райхан Омардың «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерті өтті. Кешті ұлттық аспаптармен сүйемелдеген – «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.

[smartslider3 slider=841]
Қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарының сан алуандығын көрсеткен кештің ерекшелігі, домбыра үнінен бөлек, тұңғыш рет уілдек, тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, шыңырау сынды музыкалық аспаптармен шығармалар жекелей орындалды.

Өз өнерлерімен республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары – Бейбіт Мұса, Дарын Құдайберген, Қарагөз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрғанбекқызы, Көркем Шолошова мен «Шалқыма» халық би ансамблі және Райхан Омардың шәкірттері, №1 музыка мектебінің оқушылары кеш төрін ән мен күйге бөлеп, келген көрермендердің ықыласына бөленді.

Елімізде тұңғыш рет ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық аспаптарымыздың табиғатпен үндескен өзгеше үндерін жеке-жеке халыққа ұсынып, сан алуан аспап түрлерін көрсете білді.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button