ЖаңалықтарМәдениет

Көңіл толқытқан көрме

Астана қаласының Мемлекеттiк мұрағатында Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне орай «Бiздiң күшiмiз – бiрлiкте» деген тақырыпта көрме ашылды.
Қаладағы ұлттық мәдени орта­лық­­тарының тыныс-тiршiлiгiнiң сан қырлы мезеттерi фото шежiреге айналып, көрермендер назарына ұсы­нылыпты. Бейбiтшiлiк, қоғам­дағы  тұрақтылық пен келi­сiм – елдiң  ертеңiне алаңдаған тұң­ғыш президентiмiз Н.Назарбаевтың алысты тереңнен шола бiлетiн  бiре­гей  саясатының айқын көрiнiсi. Мем­лекетiмiздiң  ұлттық саясатын жүзеге асыруда  Қазақстан халқы ассамблеясының  баға жетпес рөл атқарып, ұйымшылдық пен бiрлiк­ке сенiмдi серпiн  туғызып  келедi. Мiне, бұл көрме – халықтар досты­ғының салтанат құрған сәттерiнiң тарихи дәйегi.
Көрмеде «Тiл және мәдениет» қалалық қоғамдық бiрлестiгiнiң, немiстердiң  «Видергебурт», украиндардың «Ватра», славян-дар­дың «Лад», поляктардың «Поляктар»,  татар-башқұрттар­дың «Таң», шешен-ингуштардың «Вайнах» және басқа да ұлттық мәдени орталықтардың тыныс-тiршiлiгi, мәдениетi мен ұлттық құндылықтарының фотобаян­дары, ресми құжаттар, сый-кәделер қойылыпты.
Елорданың өсуi мен өркен­деуiне жұмыла атсалысып, ха­лық­тар достығының бiр сипа­тын жария еткен жаңа көрменiң та­нымдық  мәнi де зор.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button