Әлеумет

КӨҢІЛ ЖЕТІМСІРЕТПЕС КЛУБ бАР

Халықаралық қарттар мерекесі қарсаңында Сарыарқа ауданына қарасты Күләш Байсейітова көшесіндегі №126 үйде ардагерлер клубының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Е.Бөлекпаев, Респуб­ли­калық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімжанов, қалалық мәслихаттың депутаты Б.Солсанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қотырев қатысты.


Ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесі орасан зор. Сол үшін оларға алғыс сезімін білдіре келе, аудан басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында біздің елде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қамқорлыққа бөленгенін, бұл бағытта ауданда игі шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Аталмыш орталықта аудан ардагерлеріне бос уақыттарын өткізуге барлық жағдай қарастырылған. Тіл үйренуге де мүмкіндік бар.
Шара барысында халық қалаулысы атынан ардагерлерге сый-сияпат жасалды. Ал, бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған зейнеткерлер өздеріне осыншалықты қамқор болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button