Мәдениет

Көңілдің асыл пернесі

Елордадағы Елбасы кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі» атты халықаралық шығармашылық конкурстың жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=1177]

ҚР Тұңғыш Президенті-­Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бірлесіп өткізген байқаудың қорытындысын жария етуге мәдениет саласының көрнек­ті өкілдері мен мемлекет қайраткерлері қатысты. Конкурсқа биыл 167 өтінім келіп түскен. Оның ішінде Индонезия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Татарстан, Қытай және Ресей өнерпаздары бар. Марапаттау рәсімінің алдында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев бұл шараның мәдениет дамуында үлкен рөл атқаратынын атады.

«Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында» деп айтқан болатын. Сондықтан бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға Мәдениет және спорт министрлігінің атынан үлкен алғыс білдіреміз. Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында ­Елбасымыздың саралы саясатын жалғас­тыру арқылы спорт пен шығармашылыққа жақын жастардың әлеуетін арттыру туралы тапсыр­ма берген болатын. Сол мақсатта елдің әр бұрышында түрлі шаралар өтікізіліп, жұмыстар атқарылып жатыр. Мұның бәрі елдің болашағы үшін жасалып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өнерге, мәдениетке деген қолдауының арқасында театрларымыз, концерттік ұйымдарымыз, музейлеріміз бүгінгі таңда халықаралық өнер ұжымдарымен терезесі тең өнер көрсетіп жүр. Елбасының кейінгі 30 жылдағы тікелей қолдауының арқасында елімізде қаншама театр, қаншама концерттік ұйымдар ашылды?! Соның бәрі өнерпаз жастардың талантын ұштап, талабын жану үшін жасалып жатыр» деді министрдің орынбасары.

Айта кету керек, шетелдік өнерпаздар арасында өткен «Әсем әнім сырнайдай» номинациясының жеңімпаздары онлайн байланыс арқылы марапатталды. Байқаудың бас жүлдесін «Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицей оқушысы Рамазан Мансұр иеленді.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button