#Жаңа Қазақстан

Көңілге қуаныш ұялатты

– Біз бірнеше жыл бойы әдемі сөздерге, ұрандарға үйреніп қалдық. Президент айтқан реформалар көңілге қуаныш ұялатты.

[smartslider3 slider=2627]

Жаңа бастамаларды енгізу оны қағазға жазудан әлдеқайда қиынырақ. Осы мақсатта барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеуге міндетті деп ойлаймын.

Бизнес өкілдері еліміздегі сот жүйесі ашық емес екенін біледі. Осы ретте, жаңа реформалар бизнестегі кедергілерді болдырмауға, сондай-ақ ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді деген сенімдемін.

Мемлекет басшысы баяндамасында қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Ең алдымен назар аудартқаны – Жолдау азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарланды, ал онда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады.

Жолдау өзіндік нақты­лығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.

Ел Президенті қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбек нәтижесінде ғана биік белестен көрінетінін ашық жеткізді. Ел азаматтарын Отан алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Жалпы бұл Жолдау бірнеше жылға арналған. Осы бағытта дұрыс қадамдар жасалады деп ойлаймын.

Оксана УШКЕВИЧ,
«Astron Group» ЖШС директоры:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button