Мәдениет

Конгресс-холл алаңындағы концерттер

Күн жылынғалы әр бейсенбі-сенбі сайын, үш күн қатарынан Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық ұжымдары Конгресс-холл алаңында тегін концерттер беріп келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған шараны кез келген адам сағат 18.00-ден бастап тамашалай алады.

Квинтет

Бүгін алаңда камералық хор мен ағаштан жасалған үрмелі аспаптар квинтеті өнер көрсетеді. Атауы айтып тұрғандай, бес адамнан жасақталған топ құрамына халық­аралық байқаулардың лауреаттары Нұргүл Сапарова (гобой), Жібек Сапарғалиева -Жәкенова (флейта), Владимир Ардашев (фагот), Қуаныш Сағымбаев (валторна) және Ғани Исмайылов (кларнет) кіреді.
Квинтеттің репертуарында И.С. Бах, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен, Рейх, Э. Григ, М. Глин­ка, П.И. Чайковский, т.б. классик ком­позиторлардың музыкасы және Е. Бозз, Таффанель, Е. Пуленк сынды замана­уи композиторлардың шығармалары бар.
Сондай-ақ, топ мүшелері ұлт­тық музыканы да насихаттаудан тан­бай­ды. Концерттерінде қазақ композитор­ларының туындылары, қазақ әндері мен күйлерінің үрлемелі аспаптарға лайық­талған нұсқа­ларын орындайды. Мәселен, Нұрғиса Тілен­­диевтің «Махамбет» пен халық әні «Ал­қоңырды» репертуарына енгізген.
Ал ертең алаңда филармонияның Дәстүрлі ән бөлімінің, дәстүрлі музыка ансамблі мен «Шалқыма» халықтық би ансамблі өнерпаздарының өнерін тамашалауға болады. Сенбі күні классикалық және эстрадалық вокал солистері, «Артист» эстрадалық би тобы өнер шашады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button