Шаһар шежіресі

Константин жәрмеңкесі

ХІХ ғасырдың басында Ақмола қаласында қазіргі «Конгресс холл» аумағында барлық Сарыарқа даласына аты мәлім «Константин жәрмеңкесі» өткізілетін болған. «Зеленый ряд» деп аталатын бұл жер алыс-жақын шаруалардың, саудагерлердің басын қосқан қызу сауда ордасына айналатын.

[smartslider3 slider=2898]

Ресей мен Орта Азияны жалғайтын сауда керуенінің жолында орналасқан көне шаһар маңызды транзит орталығы саналған.

[smartslider3 slider=2900]

Қаланың дамуы 1852 жылы бекітілген жыл сайын 21 мамыр мен 10 маусым аралығында өтетін «Константин жәрмеңкесі» мен 26 қазан мен 10 қараша аралығында өтетін «Дмитриев жәрмеңкесіне» жалғасыпты.

Бастапқы уақытта қаланың жылдық сауда айналымы 10 мың рубль болса, 1865 жылы бұл көрсеткіш сол кездегі ақшамен бір жарым миллионнан асқан.

1902 жылы жәрмеңкеге әкелінген тауар бағасы 2 301 560 рубльге жетті.

Ғазиза ИСАХАН

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button