Елорда тынысы

Конституциялық реформалар түсіндірілді

«Астаналық» базар кәсіпкерлеріне референдумда көтерілетін конституциялық реформалар түсіндірілді. Іс-шараға жазушы Сәдібек Түгел, «Jaqsylyq foundation Qazaqstan» қорының басшысы Әйгерім Қалдығұлова және басқа да кәсіп иелері қатысып, алдағы референдум мәселесін талқылады.

[smartslider3 slider=3030]

Сәдібек Түгелдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанға референдум өткізу қажет.

– 5 маусымда болатын референдум халқымыз үшін, оның болашағы үшін маңызы өте зор. Дер кезінде өткізіліп отыр деп есептеймін. Өйткені тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты. Дегенмен қандай ел болғанымызды қаңтар оқиғасы көрсетті. Енді біздің міндетіміз – осындай жағдайға жол бермеу үшін реформа жүргізу. Референдум деген – реформа. Бұл – заман талабы. Ата Заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмек. Конституцияға байланысты 5 бағыты айқындалып отыр. Бірінші, суперпрезиденттік модельден классикалық президенттік модельге көшу. Екінші, билік тетіктерін өзгерту. Үшінші, Парламенттің рөлін жоғарылату. Төртінші, халықтың белсенділігін арттыру. Бесінші, қарапайым адамдардың құқығын қорғау.

«Астаналық» базарда өз ісін дөңгелетіп жүрген кәсіпкер Кәмшат Алпысбекованың айтуынша, референдум үшін азаматтардың белсенділігі маңызды.

– Біздің ауызбіршілігіміз болу керек. Президенттің жалғыз өзі ештеңе істей алмайды. Сондықтан елдегі саяси жағдайға, реформаларға белсенді атсалысып, өз белсенділігімізді білдіруіміз қажет, – деді кәсіп иесі, көпбалалы ана Кәмшат Алпысбекова.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button