Елорда тынысы

Конституция күніне орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Елімізде 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

29 тамыз күні «Астана қаласы мемлекеттік архиві» ММ-нің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні Есіл өзенінің жағалауында сағат 19:00-де «ЖАСАЙ БЕР, ҚАЗАҚ ЕЛІ» концерті ұйымдастырылады.

29 тамыз күні сағат 10.00-ден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған.

28-29 тамыз күндері сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі Жазушылар аллеясында ұйымдастырылады.

29 тамыз сағат 10.00-де Ж. Досмухамедұлы, 2 мекенжайы бойынша № 55 орта мектебінде Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

29 тамызда сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және Үздік сарбаздар марапатталады.

29 тамыз сағ. 10.00-де «Нұра» ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері Кәсіби-технркалық колледждің оқушыларымен Конституция тақырыбында дәріс өткізіп, талқылау ұйымдастырады.

29 тамыз күні сағат 10.00-де білім мекемелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

30 тамыз күні сағат 9.00-де «Аспан» спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы асық атудан қалалық ашық кубогы ұйымдастырылады.

30 тамыз күні сағат 8.00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9.00-де «Дәулет» МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамыз күні Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында «SARYARQA RUN» марафоны өткізіледі.

30 тамыз күні «Нұра» ауданының мектеп оқушыларына «Атамекен» этно-мемориалды комплексіне экскурсия жүргізіледі.

30 тамыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін «Жас Әлем» балалар фестивалі ұйымдастырылады.

31 тамыз күні Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19:00-де «ALEM» заманауи этно-шоу балетінің «NOMADS FIRE» концерті өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button