Жаңалықтар

КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

DSC_0895Астана қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңестің бұл жолғы отырысын қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов кіріспе сөз сөйлеп ашып, қазіргі таңда балалар құқықтарының қорғалуы осы мәселемен айналысатын және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруға бағыттайтын үкіметтік емес сек­тордың дамуына тікелей байланысты екенін және ол мемлекеттік саясаттың ең маңызды қағидаларының бірі болып табылатынын жеткізді.

Одан әрі Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Зульфира Намазбаева елордадағы үкіметтік емес секторды тарта отырып, саламатты өмір салтын насихаттау жұмыстары туралы баяндады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы төрт жоба жүзеге асырылған. Олардың алғашқысы – Денсаулық фестиваліне 3 мыңнан аса астаналық қатысса, шылым шегудің алдын алуға үндеген шараға 758 елордалық атсалысты. Қала әкімдігімен және Саламатты өмір салтын насихаттау орталығымен бірлесе отырып өткізген бұл шараларға бас қаладағы 4 үкіметтік емес ұйым тартылған. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 6 миллионнан аса қаражат жұмсалған.

IMG_5403Ал, Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Молдағалиева бас қаладағы білім саласында әлеу­меттік жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталса, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Омар мемлекеттік тапсырыс аясында арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін үкіметтік емес секторды кеңейту жұмыстары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Бұл ретте Астана қаласы мүгедек балалар қоғамының төрайымы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі балалар да шет қалмаса екен деген пікір білдірді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button