Жаңалықтар

Көп тіл білген көпті іледі

Астанада қазақ және ағылшын тілдерінен тегін курстар жүргізіліп жатыр. 

Келесі жылы Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізгелі отыр. Осыған байланысты әлеуметтік сала қызмет­керлеріне арнап, ағылшын тілін үйрететін курстар ашылды. Тыңдаушылар саны – 600 адам. Олардың қатарында 110 мемлекеттік қызметші де бар.
Сонымен қатар, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне қазақ тілінен тегін оқыту курстарын ұйымдастырады. Білікті мамандар сабақтарды «Іскер» оқу орталығында аптасына екі рет өткізетінін естеріңізге саламыз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button