Жаңалықтар

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР жәрдемақы АЛДЫ

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 164,6 млрд теңге жәрдем­ақы алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі.

Шілде айында жәрдем­ақының бұл түрі 449,2 мың отбасыға берілген, оның жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге жетті. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты төленеді.

Елімізде көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button