Басты ақпарат

Көпбалалы отбасыға көмек бар

Amanat партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке жинайық» жалпыреспубликалық ­қайырымдылық акциясын бастады. Бұл акция партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.

[smartslider3 slider=3733]

Шараға партияның орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және қарапайым азаматтар қатысады. Акция аясында ел аумағындағы 30 мыңнан астам бала жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алады деп жоспарланып отыр. Яғни оларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табысталады. Осы мәселеге қатысты Үкімет басшысы Ә.Смайыловтың айтқан сөзін 2-беттен оқи аласыздар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button