Ақтаңдақтар ақиқаты

Көпеске көше берілсе…

Көпес Баймұхамбет Қосшығұлов туралы біреу білсе, енді біреулер біле бермейді. Б.Қосшығұлов – Ақмпола қаласының саяси-экономикалық дамуына үлес қосқан Ақмоланың алғашқы кәсіпкерлерінің бірі.

[smartslider3 slider=1268]

Б.Қосшығұлов – кәсіпкер ғана емес, қала сәулетіне, өнеркәсіптің дамуына, жас ұрпақтың білім алуына үлес қосқан тұлға. Ол Ақмола қаласына бірнеше үй, фабрика, мешіт және медресе салған. Оның кондитерлік фабрикасы елордадағы қазіргі «Турист» қонақ үйі мен «Қызмет көрсету үйінің» арасындағы жерде орналасқан. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Халық банкінің» бөлімшесі орналасқан Абай даңғылы мен Ә.Мәмбетов көшесінің қиылысындағы ғимарат бұрын Қосшығұловтар салған мұсылман мектебі болған. Көпестің сауда-саттық жұмыстарынан бөлек, халыққа көрсеткен көмегі, жомарттығы – бір бөлек әңгіме.

Елорданың негізі саналатын Ақмола тарихында айрықша із қалдырған Баймұхамбет Қосшығұловтың есімін ардақтап, ұмытпау – бүгінгі ұрпаққа міндет. Б.Қосшығұловтың шөбересі Людмила Сурхай көпестің есіміне елордадан көше беру мәселесін көтерді. Қала әкімі А.Көлгіновтің тапсырмасы бойынша тиісті салалық органдармен бірнеше рет кездесіп, көше беру, мемориалды тақтайшадағы қатені жөндеу сияқты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, кездесулерде Ақмоланың тарихын зерттеушілер Нұр-Сұлтан қаласының біріккен мұражайлар дирекциясының директоры Мейрамбай Оралов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану» институтының бас ғылыми қызметкері Марат Әбсеметов сынды мамандардың қатысуымен дәйекті дереккөздерімен таныстық. Сарыарқа ауданы елорданың тарихи бөлігі болғандықтан, мұндағы тарихи ғимараттарды сақтап қалу, оның құндылығын келешек ұрпаққа жеткізу мәселелері де қозғалды.

Қалалық ономастикалық комиссиясы көше беру мәселесін қарастырып, оң нәтижесін шығарды. Алдағы уақытта республикалық ономастикалық комиссияның қарауынан кейін нақты ақпараттар жарияланатын болады.

Тарихи тұлғаларды ұлықтау жолындағы жұмыстар бұдан әрі де жалғаса бермек.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button