Басты ақпаратҚала тіршілігі

Көпір асты көркейеді

Жаңа қоғамдық кеңістік «Самал» шағын ауданы жағында, Есіл өзенінің жағалауындағы Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астында абаттандырылады.

[smartslider3 slider=388]

Онда сахна мен ойын аймағына арналған құрылымдар орнатылған. «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы аясында қолжетімді кедергісіз орта құрылады. Көпірдің астында жаяу жүргіншілердің жүруі үшін пандус орнатылады. Айта кетейік, жағалау бойындағы веложол елорданың барлық саябақтарын байланыстырады.
Мастер-жоспарға сәйкес, бос аумақта көлеңкелі шатырлар, театрландырылған қойылымдар, концерттер мен шығармашылық эксперименттер үшін импровизацияланған сахна орнату жоспарланып отыр.
Жаңа қоғамдық кеңістікте ашық аспан астында концерттер өткізіп, тамақтану орындарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ мұнда тыныш демалуға арналған орындар мен әткеншектері бар ойын алаңы ашылады.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button