Жаңалықтар

Көпшілікке қолжетімді

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қазір Pfizer вакцинасы барлық азаматтарға вакцинация және ревакцинация үшін қолжетімді. Бұған дейін бұл екпені алушылар үшін жас шамасында шектеулер болған еді.

[smartslider3 slider=2531]

Елордада Pfizer-мен вакциналау алғашқы буын медұйымдарында және «Абу Даби Плаза» СОО-дағы вакциналау пунктінде жүргізіледі. Алайда қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлайды. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізіледі. Ведомство барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды. Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинация­лаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі.

Коронавирусқа қарсы соңғы екпе мен қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде вакцинаның бірінші дозасы ретінде есепке алынады. Мамандар қайта вакцинациялау екі компонентті бірдей қабылдап, толық иммундаудан өтуді қарастырады, ал ревакцинация – біреуін ғана қабылдау деп түсіндіреді. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл үшін елордада америкалық препараттың вакциналары жеткілікті, 1 және 2-компонентті 166 мыңнан астам доза бар. Сондай-ақ Vero Cell (Sinopharm), QazVac вакциналары қала тұрғындары үшін қолжетімді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button